Танымал шахматшы Виши Ананд бүлдіршіннің тұсауын кесті
Танымал шахматшы Виши Ананд бүлдіршіннің тұсауын кесті
566
оқылды
Әлем чемпионы атағы үшін матч қазақтың жақсы дәстүрінен басталмақ. Аты аңызға айналған шахматшы Виши Ананд "тұсаукесер" рәсімін өткізді. Ертең классикалық шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін матч басталатын St.Regis қонақүйінде гроссмейстер, Үндістан тарихындағы ең ұлы шахматшы, шахматтан 15-ші әлем чемпионы Виши Ананд бір жасқа толған кішкентай Әбдірахманның тұсауын кесіп берді.
«Тұсаукесерді осы айға жоспарлап отырғанбыз. Осы кезде астанамызда осындай ауқымды шахмат мерекесі өтіп жатқандықтан, біз тәуекел деп даңқты шахматшыға ұсыныс жасадық. Және оған келіскеніне өте ризамыз», – дейді  баланың анасы.
 width= Салтанатты шара басталмас бұрын шахматшы балаға өсиетін айтты. «Баланың тұсауын кесу мен үшін мәртебе. Әбдірахманға бар жақсылықты, зор денсаулық пен бақыт тілеймін. Балам, өмір бойы сені бақытты ететін мамандықты таңда», – деп тіледі  Ананд. Одан кейін шахматшы жіпті қиып, баланы анасымен бірге ақ кілем үстінен жетеледі. Кілемнің арғы басында әртүрлі кәсіптерге байланысты заттар дайындалды. Дәстүр бойынша, нәресте бірінші болып қолын созған зат оның өмір жолын анықтайды. Қамшы кітап, ақша мен шахмат алдына қойылған Әбдірахман ақ ладьяны таңдады. Артынан, дәстүр бойынша Әбдірахманның ата-анасы Анандтың иығына шапан жапты.