Құнанбайға арналған көрме
Құнанбайға арналған көрме
443
оқылды
Абайдың «Жидебай-Бө­рі­лі» мемлекеттік қорық-му­зе­йін­де Абай Құнанбайұлы­ның 175 жылдығына орай Құнан­бай Өскенбайұлына арналған «Көрегенді көсем, парасатты ше­шен, ел қамқоры Құнанбай» атты көрме ашылды. – Көрмеге Семей қаласы­ның зиялы қауым өкілдері және Шәкәрім Құдайбердіұлының ұрпақтары қатысты, – деп ха­бар­л­айды Абайдың «Жиде­бай-Бөрілі» қорық-музейінің баспасөз қызметі. Көрмеде тарихи тұлға, би, аға сұлтан, заманының көр­­­­некті қайраткері болған Құнанбай Өскенбайұлының жалпы тұлғасын танытатын Абай қорық-музейінде жинақ­тал­ған тарихи материалдар, Құнан­байдың тақиясы мен кү­міс белдігі, таңбалы мөрі та­ныс­тырылды. Шара барысында Семей қаласы әкімінің орынба­са­ры А.Садырбаев, Абай му­зейі директорының инно­ва­циялық даму және қоғаммен бай­ланыс жөніндегі орын­ба­сары Т.Шаңбай, Шәкәрім университетінің «Тарих және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымы­ның кандидаты, доцент М.Ибрае­мова сөз сөйледі. Соны­мен қа­тар академик Ерлан Сы­ды­қов­тың «Құнанбай» кіта­бы­ның тұсаукесері өтті. Абайдың әсем әндерінен композициялар орындалып, облыстық Ә.Қашаубаев атын­дағы филармонияның «Кер­без» фольклорлық ансамблі шал­қыма күймен көрік берді.   Ә.БЕК