«Әкесі камерадан көрді» – Атырауда 16 жастағы қыздың суицид жасаған сәті видеоға түсіп қалған
«Әкесі камерадан көрді» – Атырауда 16 жастағы қыздың суицид жасаған сәті видеоға түсіп қалған
Фото: Сандуғаш Кукенова Facebook-тегі парақшасынан алынды
3,029
оқылды
Атырауда 16 жастағы Әсемай Қазбекова 6 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны тұрғындар төрт күн іздеді. Бірнеше күннен кейін қыздың көпірден секіріп кеткені анықталды. Бұл туралы волонтер Сандуғаш Кукенова Facebook  парақшасында жазба жариялады.
«Камерадағы соңғы жазбада Әсемайдың көпірге көтеріліп бара жатқаны бар. Сол жағадағы бір үйдің камерасынан қарау соңғы үміт еді. Алайда ол үй иесі 1, 2, 3 күндері өз үйінде болмады. Аңға кеткен екен. Төртінші күні сол үйдің иесі үйіне оралды. Әсемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарауға барды. Камераға Әсемайдың көпірден секіріп кеткен сәті түсіп қалған. Өкінішті...», –  дейді Сандуғаш Кукенова.
Қызды іздеуге еріктілер мен депутаттар да атсалысты. Облыстық мәслихат депутаты Надежда Шильман Facebook  парақшасында Әсемай соңғы рет фотоға көпірдің жанында түсіп, «Қош болыңдар...» деп жазба қалдырғаны туралы жазды. Бұған дейін Атырауда жас жігіт куәгерлердің көзінше өзіне-өзі қол жұмсап көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.