Психологиялық күйзеліске ұшыраған адамдар деструктивті діни ағымдардың ықпалына тез түседі
Психологиялық күйзеліске ұшыраған адамдар деструктивті діни ағымдардың ықпалына тез түседі
1,313
оқылды
ҚР БҒМ-нің сарапшы-психологі, отставкадағы ҰҚК подполковнигі Лола Шәкімова тілшімізге берген сұхбатында деструктивті діни ағымдардың ықпалына кімдер көбірек бейім болатыны және психологиялық әдістер ДРТ туралы айтты. Сонымен қатар рекрутерлер радикалды діни идеологияның ықпалынан қалай сақтанып, алдын алу амалдары жайлы егжей-жейлі баяндады. – Лола Сергейқызы, радикалды діни идеологияның ықпалына әдетте қандай адамдар түседі? – Негізінен психологиялық күйзеліске ұшыраған адамдар деструктивті діни ағымдардың ықпалына тез түседі.  Психология тұрғысынан фрустрация – адамның өзіне көңілі толмайтын психологиялық жайсыздық күйі. Ең алдымен, бұл адамның өзіне деген наразылығы. Іштей өзін-өзі жеп, үнемі өзін шектеуде ұстайды. Сондықтан деструктивті діни ағымдардың миссионерлері осындай психологиялық тығырыққа тірелген адамдарды алдаулары оңай. Бұл бірінші категория. Екінші санаттағы адамдар – діни сауатсыздығынан миссионерлердің тұзағына түсетін неофиттер категориясы, өйткені миссионерлер әртүрлі әдістерді, соның ішінде литерализмді де қолданады. Яғни, олар қасиетті діни кітаптардағы кейбір мәліметтерді контекстен шығарып, өздеріне қажет интерпретацияда ұсынады. Көбінесе мәтіндердің мағыналарын өзгертіп қолданады. Ал адамдар өздерінің діни сауатсыздығынан тұзаққа түседі. Деструктивті діни ағымға жиі түсетін үшінші категория – біздің жастар. Жасөспірімдер эмоционалды тұрақсыз, жастықтың буымен өз алдарына дербес болуға ұмтылады. Ішкі жан дүниелерінде «мен» деген,  яғни «менменшіллік» бар. Осылайша, жастар жоғарыда аталған басым қажеттіліктерді қанағаттандыруға тырысқанда, олар моральдық, психологиялық және материалдық көмек көрсетемін деген кез келген адамдардың жетегінде кетуге дайын тұрады. Басыңнан бақайыңа дейін бар жағдайыңды жасаймын, материалдық қолдау көрсетемін деген адамдардың арбауына түсіп қалады. – Деструктивті ағым өкілдері қандай психологиялық әдістерді қолданады? – Деструктивті ағымға тартушылар  қолданатын психологиялық әдістердің ішінен ең алдымен психологиялық байланыс орнату әдісін бөліп көрсетуге болады. Мысалы, жұмысқа қабылданған адаммен өзі туралы жағымды әсер қалдыру үшін қолданылатын «интерактивтілік техникасы». Екіншіден, «Мен де сен сияқтымын» деп көрсетуі. Егер сізде қандай да бір көзқарастар немесе белгілі бір қызығушылықтар болса, олар сізбен бірдей көзқараста ойда екенін көрсетеді.  Психологияда мұны «есепті» құру, яғни «кеңейту» деп атайды. Егер сіз жануарларды ұнатсаңыз, онда олар сізге жануарлар туралы айтады немесе сіз технологияны ұнатсаңыз, олар сізге технология туралы айтады.  Осылайша, олар өте жылы, біршама жақын, сенімді, тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырады. Адам жұмысқа орналасқаннан кейін оның кез келген жағдайын жасайды. Сізді мақтап, қамқорлық танытып, үнемі қорғауға тырысады. Қазіргі қоғамда көп адам мақтап, мадақтағанды жақсы көреді. Бұны психологияда «комплиментарлық транс» дейді. Мақтаған, өзіне жақсы сөздер айтқан ортада адам кеткісі келмейтіндей күйге түсіреді. Деструктивті діни ағымдарда психологиялық тәуелділіктің қалыптасуы осылай басталады. Сондай-ақ  рекрутерлердің тағы бір әдіс-тәсілдері адамға ерекше, таңдамалы адам екенін дәлелдеуге тырысады екен. Бұдан кейін, әрине адамның өзіне сенімділігі артады. Адам құлақпен жақсы көреді. – Рекрутерлердің әсеріне ұшырағаннан кейін адамда қандай психологиялық мәселелер туындауы мүмкін? Білесіз бе, психологиялық проблемалар адамды толық бақылаудың салдарынан көрінуі мүмкін.  Ол мұндай деструктивті діни ұйымға енгенде, ең алдымен  оның ойлауына, мінез-құлқына, санасына, тіпті ақпаратты қабылдауына толық бақылау жасау қажет. Себебі деструктивті ағымның жетегінде кеткен адам өз бетімен шешім қабылдай алмай қалады. Ондай адамның санасы түбегейлі уланады. Көбінесе адам қателескенін кейінірек түсіне бастайды. Радикалды көқарастан ойдан, топтан шығу аса күрделі процесс. – Лола Сергейқызы, деструктивті идеологияның ықпалынан қалай сақтануға болатынын айтыңызшы? – Өзімізді және жақындарымызды қорғау үшін балаларымызда бала кезінен талапшыл, табанды болуға тәрбиелеу қажет. Сонымен қатар жоқ деп айта білу керек. Кез келген ақпаратты сүзгіден өткізіп, бір іс-әрекет жасар алдында бұл жол мені қайда апарады деп ойлану қажет. Қазақстанның барлық облыс орталықтарында, мысалы елодадағы Діндерді зерттеу орталығына немесе  Ikomek-109 телефонына хабарласуға болады. Білікті мамандар, теологтер, дінтанушылар, психологтер, имамдар, заңгерлер бұл орталықтарда білікті кеңестер, ұсыныстар беріп, "осы жасырын жиындарға, деструктивті діни ұйымның отырыстарына қатысудың қажеті бар ма?" деген сұрақтарға жауап бере алады.