ҰҚК мен ІІМ 8 өңірде бір мезгілде арнайы операция жүргізіп, 23 күдіктіні тұтқындады (видео)
ҰҚК мен ІІМ 8 өңірде бір мезгілде арнайы операция жүргізіп, 23 күдіктіні тұтқындады (видео)
Фото: ҰҚК
1,196
оқылды
Биыл 29 наурызда ҰҚК мен ІІМ бірлесіп, заңсыз қару сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Aikyn.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қылмыстық схеманың қатысушылары оқсыз атылатын, жарақаттайтын, белгі беретін қаруды кейіннен «қара» нарықта өткізу үшін жауынгерлікке қайта жасаумен айналысқан. Арнайы операция Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысында бір мезгілде жүргізілді.    width= Нәтижесінде, қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 бірлік қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27390 оқ-дәрі алынды. Қару мен оқ-дәрілер жасауға арналған арнайы жабдықтары мен жинақтары бар 7 қолдан жасалған жасырын цех жойылды. Ұстау алдында ұзақ жете тексеру жүргізілді. Әртүрлі калибрлі ұрыс патрондары мен оқ-дәрілерге келтіріліп қолдан жасалған «Калашников» автоматын, үш тапаншаны жедел сатып алды.   https://youtu.be/EywWkD2IpfM 2023 жылдың ақпанында ҰҚК Ақтөбе облысында ұйымдастырушылары аталған қылмыстық топпен байланысы бар қаруды қолдан жасаумен айналысқан шеберхананың жұмысын тоқтатқанын айта кету керек.    width= Жедел жолмен қылмыстық схеманың барлық тізбегі ашылды. Қаруды өткізу тәсілдері, соның ішінде, Darkshop сауда алаңы анықталды. Топ мүшелері құпиялылық пен қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтаған, әрқайсысының рөлі мұқият бөлініп берілген (жасаушылар, сатушылар, делдалдар және т.б.). Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.