Ақмола облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының кезекті отырысында партияның Ақмола облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының жобасын талқылады.
Облыстық сайлауалды бағдарламаны іске асыру мақсатында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жетекшілік ететін салалар бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін облыстық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың ұсыныстары негізінде 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» облыстық Жол картасының жобасы әзірленген болатын. Оған партияның облыстық филиалының 10-ға жуық іс-шарасы енгізілген.
Депутаттық фракция мүшелері Жол картасының әр тармағын қарап шығып, олардың алдағы уақыттағы орындалу барысын талқылады. Сайлауалды бағдарламаның ең маңызды 4 тармағы айқындалды. «Табысты арттыру», «Өмір сүру сапасын жақсарту», «Тұрмыстық жағдайды жақсарту» және «Экологиялық жағдайды жақсарту» тармақтары бойынша объектілер мен орындалу мерзімі көрсетіле отырып, қол жеткізудің нақты жолдары белгіленеді. Әр тармақ бойынша жауапты атқарушы органдар мен фракция депутаттары тағайындалды. Жалпы, облыстық Жол картасы бойынша мәселелер қызу талқыланып, барлық ескертулер пысықталды.
«АМАNАТ» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының кезекті отырысында Жол картасы бекітіліп, оның әр тармағына фракция депутаттары жауапты болып бекітіліп, депутаттық фракцияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары айқындалды. Сондай-ақ депутаттардың азаматтарды қоғамдық қыбалдау бөлмесінде қабылдау кестесі де бекітілді. Партиялық бақылау комиссиясының құрамына, облыстық филиал жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді.