Гамбиялық шабуылшы Па Омар Жобе астаналық «Жеңіс» футбол клубына ауысты.
Бұған дейін 24 жастағы футболшы Беларусьтың «Неман» (Гродно) клубында доп тепкен еді. Айта кету керек, Па Омар Джобенің клубтық мансабында Солтүстік Македониядан келген «Струга» және «Шкендия», «Шейх Джамал» (Бангладеш), «АСЕК Ниамбур» (Сенегал), гамбиялық «Реал де Банжул» және «Толлиндин Юнайтед» сияқты клубтарында өнер көрсеткен. 2017 жылы Гамбия ұлттық құрамасының сапында екі матч өткізді.