Павлодарда партия жанындағы Жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Михаил Желнов төрағалық етті.
Отырыс күн тәртібіне: жайылымдарды ұтымды пайдалану және 2024-2025 жылдарға арналған Жетекші, Кенжекөл ауылдық округтері, Ленин кенті және Мойылды, Павлодар ауылдарының жайылымдарын басқару жөніндегі жоспарларды бекіту мәселесі қойылды. Сондай-ақ «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару және қалалық комиссиялардың дербес құрамдарын өзгерту мәселелері қаралды. «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері жиында Павлодар қаласы әкімдігінің бөлім басшыларына қойған сұрақтарға тұшымды жауап алды. Енді осы сұрақтар Павлодар қалалық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізіледі.