Павлодар облысы жедел жәрдем стансасының мәліметінше, бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлаған. Өкінішке қарай, биіктен құлаған баланы құтқара алмады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Баланың терезеден құлағаны туралы шақырту сағат 18.32-де түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», – делінген ресми хабарламада.
Бала оқиға орнында көз жұмды.
Бұған дейін балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел туралы жазған болатынбыз.