Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жаңа тағайындаулар болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президенттің өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды;
Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.