Ақтөбедегі өрт: Тұрғындарды құтқару үшін көпқабатты тұрғын үйдің терезелерін сындыруға мәжбүр болды
Ақтөбедегі өрт: Тұрғындарды құтқару үшін көпқабатты тұрғын үйдің терезелерін сындыруға мәжбүр болды
Фото: Polisa.kz
256
оқылды
Polisia.kz-тің жазуынша, Ақтөбе облысында 9 қабатты үйлердің бірінде электрлі қалқан жанып, өрт барлық тұрғын үйді шарпыды. 28 ақпанда шамамен сағат 13:28-де Ақтөбе қаласында учаскелік полиция қызметкерлері Айдын Ырзалиев, Дастан Орынбасаров және Алихан Қалиев бекетте тұрған. «Сол уақытта 12 шағын аудандағы №41 үйдің терезесінен шығып жатқан түтінді көрді. Олар дереу өрт шығып жатқан үйге бет алды. Оқиға орнына жеткеннен кейін белгілі болғандай, тоғыз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында электрлі қалқан жанып кетіп, өрт бүкіл үйдішарпыған. Өрт сөндірушілерді шақыра отырып, учаскелік тұрғындар тұрғындарды көшіруге кірісті. Барлығы 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың арасында кішкентай балалар бар. Подъезде ауа жетіспеуіне байланыс полицейлер қабаттар аралығындағы терезелерді сындырды», – дейді полицейлер. Үрей туғызбауға тырысқан учаскелік полиция қызметкерлері өрт орнынан қарттар мен мұқтаждарды бірінші шығарған. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерді сегізінші қабаттан көтеріп алып шықты. Өрт кезінде кіреберіске жедел жәрдем келіп, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Екі адам ауруханаға жатқызылды. Өрт бір сағаттан кейін толықтай сөндірді.