Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірген азаматтар «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалында бас қосты.
Арнайы келген үгіт-насихат тобы Арыс қаласына жұмыс сапарымен келіп, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірген қала және ауыл азаматтарымен кездесті. Оларға «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ерікті түрде қоныс аудару бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кч ездесуге Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Марат Бейлханов, Риддер қалалық ауруханасының бас дәрігері Гүлнар Кітапбаева және Шемонаиха ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Әсел Әбілқасымова қатысты. Жиынның мақсаты – оңтүстік өңір халқын ерікті түрде солтүстікке көшіру, Шығыс Қазақстан облыстарының жұмыс күші тапшы аймақтарына жұмыс күшін тарту, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою, аталған бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу. Шығыс Қазақстан облысынан келген насихаттық топ мүшелері қала және ауыл тұрғындарына бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары барын хабарлады. Кездесу аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және басқа да түрлі саладан бос жұмыс орындары ұсынылды.
Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ