Желіде белгілі тиктокер имам Нұрлан Байжігітұлының 1995 жылы түсірілген бейнежазбасы тарады. Онда басына ақ сәлде киген, мұрты енді ғана тебіндеген бозбаланың әлдебір телебағдарламаға қатысып отырғанын аңғаруға болады.
Нұрлан имамның 16 жасындағы бейнежазбасы көпшілікті таңғалдырды
13,531
оқылды

Нұрлан имамның жас күнін көрген көпшілік оған жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

«Адамның көз жанары мен даусы өзгермейді деген рас екен-ау», «Білімді адам ғой, жас кезінен сауатты кісі болыпты», «Болар бала бесіктен», «Жап-жас, тек даусынан ғана танисың», «Даусы ғана емес, отырған отырысы да өзгермепті», -деп жазды желі қолданушылары.