Британ медициналық университетінің 21 жастағы студенті Рэйчелдің белгісіз шыққан жараның кесірінен тілін кесіп тастауға тура келді. Бойжеткен ауыр дертке шалдыққанын білмеген, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер студенттің тілін кесіп алды
5,640
оқылды

Рэйчел аузында пайда болған қатерлі ісікті емтихан кезіндегі стрестен туындаған кәдімгі жаралар деп ойлаған. Алайда кейін бұл дертке байланысты дәрігерлер қыздың тілін алып тастауға мәжбүр болған.

 Жаралар тілдің жартысына жайылып, студент шаршау, ісіну, ауыздың құрғауы және тамақ ауруы сияқты белгілерді сезе бастаған. 2020 жылдың қарашасында қызға биопсия жасалып, тіл қатерлі ісігі анықталды.

 Диагноздан кейін Рейчел 16 сағаттың ішінде бірден он операциядан өтуі керек болды. Дәрігерлер оның лимфа түйіндері бар зақымдалған органның үштен екісін алып тастады. Яғни, тілінің көп бөлігін кесуге тура келді. Төменгі жақты ашып, тіл мен мойын тамырларын қалпына келтіру үшін жамбастың бұлшық еттері мен қан тамырларын пайдаланды.

 Рэйчелдің қазір иегінде, мойнында, асқазанында және аяғында бірнеше тыртығы бар. Операциядан кейін ол қайтадан жүруді және сөйлеуді үйренуге мәжбүр болған. Бірақ қыз оқуын тастамай, операциядан төрт күннен кейін сабаққа оралған.