Танымал продюсер Баян Мақсатқызы соңғы кездері өмірінде болған қайғылы сәттер туралы айтып берді. Ол «Қыздар-ай» бағдарламасында қонақ болған, – деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.
Күнде жылаймын – Баян Мақсатқызы соңғы кезде мұңға батып жүргенін айтты
9,937
оқылды

Бағдарлама жүргізушісі Жанар Айжанова қонағына алдымен көңіл айтты. Баян Мақсатқызының әкесі жақында өмірден озған еді. Сонымен бірге  продюсердің досы әрі әріптесі Арман Дүйсеновтің қазасы да Баянға ауыр соққы болғанын айтып өтті.

Алагөзованың айтуынша, екі қаза өзін «өлтіріп» жіберген.

«Әлі де маған өте қиын. Күнде жылаймын, бірақ әйтеуір көңілімді көтеретін, жыламайтын бір нәрсе тауып қоямын. Таңертең орнымнан тұрғанда «қайғыны ойламау үшін көңілімді не көтеретіні жайлы ойланамын?». Бірақ маған әлі де оңай емес. Қазір күнде бір қуанышты іздеймін», дейді Баян Мақсатқызы.