Көшедегі қарды тәулік бойы тазалап жатыр.
Республикалық маңызы бар жолдарда шектеу енгізілді
1,089
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда көліктердің жүруіне шектеу енгізді. 

Көшедегі қарды тәулік бойы тазалап жатыр. Күн күрт суытқан күннен бастап шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материалды жолға шашты. Бұл туралы Aikyn.kz «ҚазАвтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.

Дәл қазіргі сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника қар күреп жатыр.

Өткен тәулікте мамандар қар құрсауынан 65 көлікті шығарды.