Қостанай облысында полиция 15 жасар жасөспірімді іздестіріп жатыр.
Қостанай облысының ПД облыста 16 сәуірде Боровской мектеп-интернатынан кеткен 15 жастағы жасөспірім Рустам Ташмағамбетовты іздестіру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Кәмелетке толмаған бала Әулиекөл ауданының тумасы.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері облыс орталығында және аудандарда іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Полицияның барлық құрамы жұмылдырылған, іздеуге еріктілер қосылған.
«Жасөспірімнің орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға 102 телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз», - деді полициядан.