Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мәселесі де айтылды.
Президент: Халыққа статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек
1,359
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жиын өтті. 

Кеңесте азық-түлік бағасы, Маңғыстаудағы жұмыссыздық, бай-бағланның шетелдегі активтері, субсидия мәселелері жеке-жеке талқыланды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мәселесі де айтылды. Президент тұрғындардың ресми статистикаға иланбайтынын да тілге тиек етті.   

«Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жөндеу арқылы ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту – әкімдердің басты міндеті. Ауыл тұрғындары таза сумен және тұрақты электр қуатымен толық қамтамасыз етілуге тиіс.

Сондай-ақ мобильді байланыс және интернет қолжетімді болуы керек. Елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек», – деді. 

Айта кетейік, Президент Қазақстанда табыс тауып, шетелде шашудан арылу керек екенін де ескертті.