Йеменнің астанасында кәсіпкер кедей-кепшікке доллар таратқан. Бұл туралы Aikyn.kz «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бірін-бірі таптап кеткен нөпір халықтың арасында жаншылып қалған 80 адам қаза тапты. 120 адам жараланды. Зардап шеккендер саны әлі де көбеюі мүмкін.
Кәсіпкер жиі қайырымдылықпен айналысады. Ішер ас, киер киімі жоқ адамдарға бұған дейін де 9 доллардан қаржы үлестіріп келген екен. Бірақ дәл осылай талас-тартыстың соңы төбелеске ұласып, тұрғындар зардап шекпеген.