Көрермен көптен күткен әйгілі «Осман» түрік телехикаясы эфирге шықпақ.
«Астана» телеарнасы Бурак Озчивит түскен «Осман» телехикаясын көрсетеді
2,330
оқылды

Осман – жас әрі қайсар сұлтан. Оның  мақсаты – ешкімнен жеңілмейтіндей алып әрі ұлы мемлекет құру. Осы жолда оны үлкен сынақтар, қанды шайқастар, сатқындар мен зұлымдар күтеді. Бірақ Осман бәріне қасқайып қарсы тұра алады. Ол – дана әрі парасатты басшы Ертұғрұлдың жаққан отын сөндірмей, өз есімімен аталған «Осман» империясының негізін қалаған жан.

Телехикаяда Османның билігі мен ерлігі көрсетіледі. Оның рөлін «Сүлеймен сұлтан» телехикаясында көптің көңілінен шыққан Бали бейді ойнаған Бурак Озчивит сомдайды. Одан бөлек, фильмге Озге Торер (Бала қатын), Эмре Башалак (Құндыз бей), Бусе Арслан (Айгүл қатын), Нуреттин Сёнмез (Бамсы бей), Рагып Саваш (Дюндар бей), Аслыхан Каралар (Бурчин), Серхан Онат (Айбарс) секілді әртістер түскен.

Бүгін, 20 сәуірден бастап күн сайын сағат 21.00-де «Астана» арнасынан «Осман» телехикаясын көріңіздер!