Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та марқұмның құрма сатып жүргені туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Алматыда 17 жастағы бозбаланы көлік қағып өлтірді
1,103
оқылды

Алматыда жол бойында 17 жастағы бозбаланы көлік қағып өлтірді, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 18 сәуірде сағат 19.30-да Абай даңғылында болды. Тойота маркалы автокөліктің 25 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден көліктердің арасынан жүгіріп өтпек болған жас жігітті қағып кеткен.
 
"2007 жылы туған бозбала медициналық мекемеде көз жұмды. Қазір  Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағымен тергеу бастады. Тиісті сараптамалар жасалады",  дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та марқұмның құрма сатып жүргені туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.