29 сәуірде Астанада өтетін Run for autism қайырымдылық шараның қатысушылары «Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының жұмысымен танысты.
Run for autism  қайырымдылық шараның қатысушылары инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
1,196
оқылды

 Атақты спортшылар, чемпиондар және «Болашақ» корпоративтік қорының серіктестері, оның ішінде ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы Светлана Подобедова, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ММА және джиу-джитсудан 5 дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов,  SF   қазақстандық дәмді тағамдар желісінің және  NAK  құрылыс компаниясының өкілдері №89 «Қыз Жібек» бөбекжайындағы инклюзияны қолдау кабинетін көріп қайтты.

Бұл «Болашақ» қорының балабақшалардағы инклюзияны дамыту жөніндегі пилоттық жоба. Бүгінде мұндай жоба бойынша еліміздің аумағында  екі балабақша жұмыс істейді. Онда 4 пен 6 жас аралығындағы аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар 5 балаға қолдау көрсетіледі. Кабинет мамандары балаларға сөйлеу, коммуникативтік және тұрмыстық дағдыларды дамытуға және жетілдіруге, қатарластарымен тіл табысуға көмектеседі. 8 адамнан тұратын жұмыс тобының ішінде 5 тәрбиеші, мұғалім, дефектолог және логопед бар. Олардың ата-аналарының айтуынша, балалар кабинетке барып жүргеннен бастап әлеуметтенуі және білім алу дағдылары айтарлықтай жақсара түскен. 

2015 жылдан бастап «Болашақ» қоры еліміздің 22 қаласында мектеп мен балабақшада инклюзияны қолдаудың 46 кабинетін ашқан. Нәтижесінде, аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар 700-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды.

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 9 мыңдай балағы аутизм диагнозы қойылған.  2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, оның ішінде 2 256-сы елордада тұрады. Бейресми деректерге сәйкес (ДДҰ деректері), әлемдегі әрбір 54-ші балада аутистикалық спектрдің бұзылуы байқалады. Өкінішке қарай, жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді. 2015 жылдан бері «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасында Астана қаласынан 130-дан астам бала білім алды. Жалпы, «Болашақ» қоры елордадағы №8, 11, 37, 71, 85, 88, 89, 91, 92 мектепте, сондай-ақ №34 және №89 балабақшаларда инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, толық жабдықталды.

«Болашақ» қоры ұйымдастырған  Run for autism  қайырымдылық шарасы 29 сәуірде Астананың Триатлон паркінде өтеді. Оның мақсат  – жұртшылықтың аутизм жайында хабардарлығын арттыру, аутизм бар адамдардың өмір сапасын жақсарту және олардың әлеуметтенуі мен өз қабілеттерін іске асыруға жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету. Марафон Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орайластырылған. Жыл сайын сәуір айы бойы аутизм спектрі бұзылған адамдарға көмектесу үшін науқандар мен ақпараттық-түсіндіру науқандары өткізіледі.

«Жүгіруден өтетін қайырымдылық шарасы – ұйымдастыру жағынан айтарлықтай ауқымды және маңызды оқиға. Оның үстіне, серіктестеріміз бен тұрақты достарымыз қолдағанына өте қуаныштымыз. Бүгін біз оларды «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының жұмысын көрсетуге, онымен толығырақ таныстырып, жиналған қаражаттың қайда жұмсалатынын көрсетпек болдық. Бүгінде бұл жарысқа бірнеше жүз адам тіркелген. Қатысушылар саны әлі де артады деп сенеміз. Мұндай марафонның тұрақты әрі танымал іс-шараға айналғанын қалаймыз. Сонда қоғамымыз ашылып, ерекше балаларға деген стигматизациялау азаяр еді. Жалпы, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қабылдай отырып, олардың сырқатын күлкі етпей, еміне көмек қолын созғанын қалаймыз»,  деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Қайырымдылық шарадан жиналған қаражат «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында аутизм және басқа да менталдық бұзылушылықтары бар балаларды қолдауға арналады. Ал ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін іс-шарада «Көңілді старттар» ойын-сауық эстафетасы ұйымдастырылады. Жүгіруден өтетін жарысқа кәсіби спортшылар, жеңіл атлетшілер, әуесқой спортшылар, ерекше балалар, ата-аналар және т.б. қатысады. Жарыс 1, 2,5, 5 және 10 шақырым қашықтыққа өтеді. Қатысу құны 4 990 теңгеден 7 990 теңгеге дейін.

Қатысушылар арасында Apple iPhone 14Pro смартфондары, ересектерге және балаларға арналған тау велосипедтері,  Oxy Fit&Gym фитнес-клубына жылдық абонемент секілді бағалы жүлделер ойнатылады.

Жарысқа мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://sxodim.com/astana/event/blagotvoritelnyy-zabeg-run-for-autism

Run for autism қайырымдылық шараның ұйымдастырушылары, демеушілері мен серіктестері: «Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласы әкімдігінің, NAK холдингінің, BF Mereke қоғамдық қайырымдылық қорының,  Astana Railways, YDA компанияларының, SF қазақстандық дәмді тағамдар желісі, Astana Invest, Myd Production компанияларының, G-life ас суы, Texnodom, Tion компанияларының, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының, NAURYZ HALF MARATHON, Darmed клиникасының, Oxy Fit&Gym фитнес-клубының, сондай-ақ Қазақстан спортшылар одағының және Nomad Triathlon Club қолдауымен. Ақпараттық серіктестер: ҚР Президентінің телерадиокешені, Sputnik Казахстан АА, NUR Media медиахолдингі, QazContent АҚ.