Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с-ті құрайды. Түнде облыстың басым бөлігінде суық ауа температурасы сақталады: -1-6 °C. Талдықорғанда түнде суық болады: -4-6°C.
Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Оралда күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 18 м/с.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, екпіні – 15-20 м/с.
Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Қостанайда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.