«Тендердер ұтып алған құрылыс компанияларына сол ауылдың жастарын жұмысқа тарту мәселесі қаншалықты деңгейде талап етіледі?», – деп сұрайды депутат Аманжол Әлтаев одан.
Бұл сұраққа Самұрық-Қазына өкілі Айманбетов былай деп жауап береді:
«Бұл жерде былай ғой, жергіліктілер бірінші айлығын алған күні ішіп кететін аурулары бар. Әйтпесе, олардың жұмыс күші арзан, жақсы ғой...»
Осы жауабы үшін Айманбетовке депутаттардың бірі ескерту жасады.