Жол апаты Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болды.
Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
1,330
оқылды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 23 сәуірде Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болды.

«ВАЗ-2110» және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан. «ВАЗ» автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.