Олар жергілікті кәсіпкерден 15 мың қытай юанін (шамамен 990 мың теңге) талап еткен.
Жаркентте кәсіпкерден ақша талап еткендер ұсталды
987
оқылды

Жетісу облысының полицейлері жаркенттік кәсіпкерден ақша талап еткендерді ұстады, – деп хабарлайды Полиция департаменті.

Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлері көмегімен ақша бопсалауға қатысы бар күдіктілерді ұстады.

"Топ үш адамнан тұрады. Біреуі – Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі Алматы облысынан, үшіншісі Жетісудан. Олар жәбірленушіден ақша алу кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 миллиметр калибрлі 13 оқ-дәрісі бар тапанша тәркіленді", – деді облыстық ПД өкілі Сарқытбай Құсайынов.

Күдіктілер Жаркентте ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олар жергілікті кәсіпкерден 15 мың қытай юанін (шамамен 990 мың теңге) талап еткен.