Ол өмірінің соңғы жылдарында Қырымда өмір сүрген.
«Қыз-жігіт»  фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Қырымда қайтыс болды
1,292
оқылды

«Қыз-жігіт»  фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Лидия Ашрапова қайтыс болды. 

88 жастағы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі 21 сәуірде қайтыс болды. Бұл ақпаратты оның ұлы Тимур Ашрапов растады.

Лидия Ашрапованың жақындарының айтуынша, ол өмірінің соңғы жылдарында Қырымда өмір сүрген. Алматыға балаларына оралуды жоспарлап жүрген.

Лидия 1935 жылы Якутияның Амга ауылында дүниеге келген. Ташкент хореографиялық училищесінде білім алып, жергілікті филармонияда жұмыс істеген, кейін Қазақ ән және би ансамблінде солист болып, "Қазақфильм" киностудиясында түсірілімдерге қатысқан.

Айта кетейік, актриса 1955 жылы Алматы көркем және шежірелік-деректі фильмдер киностудиясында режиссер Павел Боголюбов түсірген "Қыз-жігіт" атты кеңестік комедиялық музыкалық көркем фильмде басты кейіпкердің рөлін сомдаған.