Мемлекет басшысы Чехия президенті лауазымына сайланған Петр Павелге құттықтауын жолдады.
Чехияға тікелей қатынайтын әуе рейсін ашу жоспарда бар
1,022
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасының премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Фиаланың елімізге жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

– Сіз елімізге үлкен бизнес-делегация алып  келдіңіз. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ілгерілетуге пайдасы өте зор бизнес форум өтеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Чехия президенті лауазымына сайланған Петр Павелге құттықтауын жолдады.

 

 

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде көлік-логистика саласын нығайту перспективаларына баса мән берілді. Президент чех инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

– Чехия Республикасынан энергетика, машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина өнеркәсібі және фармацевтика секілді экономиканың түрлі салаларына құйылатын инвестицияны құптаймыз. Сондай-ақ екі елдің астанасы арасында тікелей әуе қатынасын ашамыз деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.