Президент жұмыс сапарымен Қордайға барады
Президент жұмыс сапарымен Қордайға барады
Фото: Интернеттен алынды
268
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қордайға барады, – деп хабарлайды «Хабар 24». Жамбыл облысы Қордай ауданына сапары кезінде Президент жергілікті тұрғындармен кездесіп, қақтығыс болған ауылдарды аралайды деп күтілуде. Еске сала кетейік, Қордайдағы оқиғадан кейін 120 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов: «Қордай оқиғасы бойынша қазіргі уақытта 120 қылмыстық іс қозғалған. Ведомствоаралық жедел тергеу тобын Бас прокуратура басқарады.  Өкінішке қарай, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу амалдары жайлы ақпаратты, сонымен қатар қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қаншасының қамауға алынғанын жариялай алмаймыз», – деді.