Шақалақ шұғыл түрде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді
Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды
1,183
оқылды

Орал қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 24 сәуір күні болды.

«Сағат шамамен 11.31-де 102 операторына Надежда көшесі, 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған шақалақ табылғаны жөнінде хабар түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін нәрестенің ұл бала екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.