Бала тәрбиесіне салғырт қараған 4 азамат ата-ана құқығынан айырылды
Бала тәрбиесіне салғырт қараған 4 азамат ата-ана құқығынан айырылды
Фото: Интернеттен алынды
294
оқылды
Маңғыстау облысында төрт тұлға өз міндеттерін толық орынамаған үшін ата-аналық құқықтан айырылды, – деп жазады Polisia.kz. Дереккөздің жазуынша, Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб жеке құрамымен қала аумағындағы жасөспірімдердің болашағына әсер ететін қылмыстар мен құқықбұзудың алдын алу және ізін суытпай ашу мақсатында жыл басынан бері бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмағандардың құқығы, бостандығы және заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әкімшілік учаскеде кәмелетке толмағандардың құқық бұзудың, қадағалаусыз қалдыру дерегін азайту үшін төмендету – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторларының негізгі міндеті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаты мен мәдениетін арттыру бағытында әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, «Құқықтық тәртіп», «Түнгі қаладағы балалар», «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы», «Қолайсыз отбасы» атты алдын алу профилактикалық іс шарлары және «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» «Есірткісіз өмір» акциясы өткізіліп апта сайын рейд ұйымдастырылуда. Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзудың алдын алу, заңсыздықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында атқарылған профилактикалық шараларға қарамастан жасөспірімдер арасында жиі кездесетін қылмыстық құқық бұзу, ұрлық пен топтасып төбелесуден азайту үшін нәтижелі жұмыстар іске асып жатыр. Жыл басынан бері ЮПб-нің профилактикалық есебіне 31 жасөспірім қойылып, тәрбиелік ықпал ету шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың тәрбиесімен тиісті дәрежеде айналыспайтын бес тұлғаға қатысты тергеу жүргізіліп, Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына жолданып, төрт азамат ата-аналық құқығынан шектеп, бір тұлғаны ата-аналық құқығынан айырған болатын. Барлық орын алған қылмыстар жан-жақты зерделеніп, қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілді.