Полицияға әйелдің өзі хабарласқан
Шымкенттік әйел өзімен тұратын ер адамды пышақтап өлтірген
932
оқылды
Шымкентте әйел ер адамды пышақтап, полицияға өзі хабарласқан.
 
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 сәуірде болған.
 
"1994 жылы туған азаматша өзімен бірге тұратын 1992 жылы туған азаматты қасақана өлтіргені туралы хабарлама түсті. Екеуінің арасында тұрмыстық жанжал туып, салдарынан әйел ер адамның кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрған. Ер адам сол жерде қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.