Қазақстандық балуан қыз Жәмила Бақбергенова Poddubny Wrestling League күрес лигасы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Жәмила 75 кг-ға дейінгі салмақта ресейлік Ксения Буракованы тізе бүктірді, есеп – 6:5.
Poddubny Wrestling League / Поддубныйдың күрес лигасы – әлемнің ең мықты деген спортшылары қатысатын және рекордты сыйлық қоры бар кәсіби балуандар лигасы.