Қазақстанның арофилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарман қызметке тағайындалды.
Алмаз Шарман жаңа қызметке тағайындалды
824
оқылды

Алмаз Шарман Денсаулық сақтау министрінің профилактикалық медицина мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болды. Бұл туралы Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Алмаз Шарман 1960 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы Ұлытау ауылында дүниеге келген. 

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы иммунология институтында аспирантура және докторантура бітірген.

Биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, американдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі.

АҚШ-та штаттан тыс кеңесші халықаралық медициналық-демографиялық зерттеулер бағдарламасының медициналық үйлестірушісі болып жұмыс істеді. 

Джонс Хопкинс университетінде сабақ берді. Орталық Азия бойынша американдық халықаралық даму агенттігінің (USAID) инфекциялық аурулар жөніндегі кеңесшісі, американдық дипломат мәртебесі бар Қазақстан бойынша USAID өкілдігінің басшысы болды.

Алмаз Шарман «Туберкулезден азат әлем» халықаралық сарапшылар комиссиясының мүшесі және беделді The Lancet медициналық журналында осы аттас мақаланың тең авторы.

Қазақстанда доктор Шарман Ұлттық медициналық холдинг пен өмір туралы ғылымдар орталығын басқарды. Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесін әзірлеумен айналысты. 

Алмаз Шарман денсаулық туралы «Алмаз кеңестер» бағдарламаны жүргізді. 40 ғылыми еңбегі, оның ішінде» 4 монографиясы жарық көрген.