2 сағат 13 минутқа созылған матчта ресейлік теннисші Анна Калинскаяның жол болды
Елена Рыбакина WTA турнирінде жеңіліп қалды
1,173
оқылды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирінің жеке сынында бастапқы айналымынан өте алмады, ол әлемдік рейтингтің 60-шы позициясында тұрған ресейлік Анна Калинскаяға жол беріп қойды.

2 сағат 13 минутқа созылған матчта ресейлік теннисші Анна Калинскаяның жол болды, ол Елена Рыбакинаны өте қиын болған үш партияда да жеңе алды - 7:5, 4:6, 6:2. Осылайша, Анна Майамидегі (АҚШ) турнирде өзін жеңіп кеткен Еленаға есесін қайтарып, реванш алды. Ол кезде үш сетте де Елена Рыбакина басымдық танытқан еді.