Биыл елімізде Алаш ар­дақ­тылары Шәкәрім Құдай­бердіұлы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығы, Мағжан Жұмабаев пен Сұл­танмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы кең көлемде аталып өтпекші.
Тарихи тұлғалардың өмірінен сыр шертті
1,037
оқылды

Соған орай «AMANAT» партиясы Қызыл­орда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» жобасы аясында сту­дент жастарға арналып «Ұр­пақ аманаты» тақырыбында қоғамдық дәріс оқылды.

Тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектеріне негізделген дә­рісте Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда университетінің ғалым­дары ұлт зиялылары жайында деректер мен мұраларын сөз етіп, ой-толғамдарын ортаға салды. 

Жалпы, «AMANAT» партия­сы­ның «Ұлттық мұра» жобасы 2020 жылы бастау алған болатын. Содан бері елімізде жоба аясында 5 мыңға жуық тағылымды тари­хымызды, тұғырлы тұлғалары­мыз­ды, мәдениетіміз бен руха­ния­тымызды насихаттауға бағыт­талған шаралар өткізілген. 

«Солардың ішінде республи­калық, облыстық және аудандық деңгейдегі ақындар айтысын ерекше атап өтуге болады. Бұдан бөлек, жоба шеңберінде респуб­лика бойынша 30-дан астам мә­дениет нысанына жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп, 200-ге жуық мәдени орын абаттандырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды пар­тия филиалдары жыл бойы жү­зеге асырып келеді. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған кезекті іс-шара Алаш арыстарының құрметіне арналып отыр. Тарихи тұлғалардың негізгі идеясы қазақ елінің тәуелсіздігіне қол жеткізу еді. Бүгінгі еліміздің ұстанып отырған негізгі ұста­нымы да осы бабалар арманы, ата­лар ерлігімен келген тәуелсіз­дігімізді сақтап қалу, оны кейінгі ұрпаққа аманаттау», – деді та­ғылымды шарада облыстық мәс­лихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының же­текшісі Аманжол Оңғарбаев.

Қоғамдық дәріс барысында ғалымдар тарапынан М.Жұма­баевтың әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі, М.Көпейұлы ең­бек­теріндегі тарихи деректерінің маңызы, С.Торайғыров шы­ғармалары, Ш.Құдайбердіұлынан қалған мұралар тарихы туралы баяндамалар жасалып, тың деректер айтылды. 

«Мұндай тағылымы мол қо­ғамдық дәрістерді көптеп өткізу қажет. Осы арқылы тарихи тұлғал­ар­дың өмір деректерін, төл мәде­ниетіміз бен тарихымызды өс­келең ұрпақ жадында жаң­ғыртып, саналы да саламатты азамат бо­лып қалыптасуына негіз қала­нады. Бүгінде оқу орнында білімін шыңдап жатқан студенттердің төл тарихымызды біліп, тануға деген ынтасы зор екені байқалады. Ал мұндай дәрістер білім алуға, көп білуге қүштар жастарымызға ру­хани азық болары сөзсіз», – дейді бізге Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда университетінің Тарих кафедра­сы­ның аға оқытушысы, педаго­гика ғылымдарының ма­гистрі, Тарих және қоғамдық ғы­лымдар академиясының акаде­мигі Бақыттан Ахметбек.

Шара барысында қатысу­шылар өзара пікір алмасып, ұлт­тық тәрбиені арттыру мақсатында тарихи тұлғаларымыздың тағы­лымды жолын насихаттауда осындай дәрістер кейінгі буынға қажет екенін алға тартты. Жас­тарды белсенді болуға шақырды. Шара соңында облыстық және қалалық мәслихаттың фракция мүшелері Ә.Шаймағамбетов, А.Мұсабаев, М.Бисенова, уни­вер­ситеттің профессор-оқыту­шы­лары мен жастар ой-пікір­лерімен бөлісті.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы