Түркістан облысының Кентау қаласы полицейлері жасөспірімді ұрған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентауда ер адам аулада ойнап жүрген қызды ұрып-соғып, зорламақ болған
1,539
оқылды

"26.04.2023 жылы сағат 23.15 шамасында Кентау қалалық полиция бөліміне ауруханадан жасөспірім қыздың дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келді.

Тексеру барысында сағат 20.30 шамасында аулада ойнап жүрген қызды белгісіз біреу себепсіз ұрғаны анықталды. Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба анықталды. Оның негізінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты", делінген хабарламада.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі ("бұзақылық") бойынша тіркелген. Қазір қылмыстық құқықбұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі бойынша қайта сараланған. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Жәбірленушінің жағдайы бірқалыпты. Қылмыстық іс Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында.