Оқиғаға қатысушылар полиция бөліміне жеткізілді.
Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрған бір топ бала ұсталды
1,133
оқылды

Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 28 сәуір әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бір топ жастар өз құрдастарын ұрып-соғып жатқан бейне белгілі болған.

«Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында Алға қаласында Niva автокөлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмағандар өз құрдастарын көшеде кездестіріп, оларды себепсіз ұрып-соққаны анықталды», - деп жазды ведомстводан.

Оқиғаға қатысушылар полиция бөліміне жеткізілді, онда олармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.