Қыран Талапбек Айжұлдызбен ажырасқан соң жан жарын тапқанын айтты.
"Рестораннан бір қызды көріп қалдым": Қыран Талапбек өмірлік жарымен қалай танысқанын айтып берді
10,613
оқылды

Қыран Талапбек Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқан соң депрессияға түскенін жасырмады. Сол кезде ол өзінің сүйіктісін кездестірген.  Қыран Талапбек бұл туралы инстаграм парақшасында жазды.

"Депрессиядасың... Қиналып жатсың... Мына жақта сені жеп жатыр. Қырсықтық ұстап, қиналғанымды көрсетпедім. Ажырасқаннан соң 4-5 айдан кейін рестораннан бір қызды көріп қаламын. Ол анасымен бірге тамақтанып отырды. Кеш соңында оның төлемді кешбэк арқылы төлеп жатқанын көріп, мейрамханадағылардан номерін сұрап алдым. Солай сөйлесіп кеттік. Негізі мен бір адаммен көп сөйлесе алмаймын. Бірақ жарыммен, сүйіктіммен кештен таңға дейін сөйлесетінмін. "Қалай ішім пысқан жоқ", - деп ойлайтынмын. Интеллектуалды тұрғыда ол менің айтқанымды, мен оның айтқанын тез түсінетінбіз. Сенің өмірің быт-шыт болып жатады, ал бір адам сені түсінеді. Алты ай бойы жай дос ретінде сөйлесіп жүрдік. Содан соң кездесуге шақырдым. Уақыты келгенде бәрін білесіздер. Қазір менің басым бос емес", - деді Қыран.

Айта кетелік, Қыран Талапбек бұған дейін өзінің Айжұлдызбен арадағы ұлымен араласып тұратынын мәлімдеген болатын.