Оқиға «Великая Стена» ЖШС-на қарасты мекемеде болған.
Маңғыстауда мұнай компаниясында жұмысшы қаза тапты
1,079
оқылды

29 сәуір күні шамамен сағат 16.42-де «Жетібаймұнайгаз» ӨБ № 5613/28 ұңғымасында «Великая Стена» БК ЖШС (Бұрғылау бригадасы ХДЕС - №56) жарылыс болды. Бұл туралы Aikyn.kz «Маңғыстаумұнайгаздың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Монтаждау жұмысын жүргізіп жатқан газбен дәнекерлеуші, Қазақстан азаматы оқиға орнында қаза тапты. Бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді. 

Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келді. Құқық қорғау органының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді  бастады. 

Оқиғаны тергеуді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы жеке бақылауына алды.