Қазгидромет Қазақстан бойынша 2-4 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Ауқымды солтүстік антициклон елдің солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарындағы ауа райын анықтайды. Бұл өңірлерде жауын-шашын болмайды, түнгі уақытта үсік сақталады.
Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс өңірлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн райының құбылмалы сипаты күтіледі – батыста жаңбыр жауады, кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі, шығыста нөсер жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар).
Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі», – делінген синоптиктердің болжамында.