Жүргізуші автобусты мас күйде басқарған.
Өскеменде мас жүргізуші басқарған автобус жер үйге соғылды
1,278
оқылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Мирный кентіндегі Мостовая көшесінде болған.

«Жүргізуші автобусты мас күйде тізгіндеген. Соның салдарынан рульді басқара алмай қалып, жер үйге соғылды. Жол апаты салдарынан үй тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», – делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, сол күні автобус рейске шықпағандықтан іште жолаушылар болмады.

«Қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада.