7-19 сәуір аралығында сүңгуірлер өзеннен мәйітті іздеді.
«Әкесі көрген» – бір ай бұрын көпірден секірген қыздың мәйіті табылды
2,041
оқылды

Атырауда Жайық өзеніне суға кеткен қыздың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Ақ Жайықтың» жазуынша, қыз 6 сәуірде үйінен шығып, хабарсыз кеткен.

Қыздың жоғалғаны туралы хабарлама 7 сәуірде түскен. 

Полицейлер мен құтқарушылар, еріктілер жоғалған қызды жан-жақтан іздеп таппады. Арада төрт күн өткеннен кейін қыздың көпірден секіріп кеткені белгілі болды. 

«7-19 сәуір аралығында сүңгуірлер өзеннен мәйітті іздеді. 19 сәуірде Жайық өзенінде су деңгейі көтерілгеннен соң іздеуді тоқтатты. Алайда су бетінен іздеу үзіліссіз жалғасты. 1 мамырда «Жұмыскер» маңында өзен бетінде адам денесі қалқып жүргені туралы хабарлама түсті. Мәйітті судан шығарды. Мамандар жоғалған қыздың мәйіті екенін анықтады», – деді ТЖД өкілі. 

Фото: azh.kz/kz