Талғат Сырымбетов қазылардың шешімі бойынша Иордания боксшысынан ұтылып қалды
Әлем чемпионатында жеңіліп қалған Талғат Сырымбетов кешірім сұрады
2,312
оқылды

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық Талғат Сырымбетов жеңіліс тапты. Жекпе-жектен кейін сұхбат берген спортшы ұтылғанын мойындайтынын жеткізді.

60 келі салмақ бойынша жұдырықтасқан Талғат Сырымбетов қазылардың шешімі бойынша Иордания боксшысынан ұтылып қалды.

«Бүгін өкінішке қарай жеңіліп қалдым. Қазылардың шешімі туралы ештеңе дей алмаймын. Жеңілісімді мойындаймын. Болары болып қойғаннан кейін ештеңе айтқым келмейді. Тек қазақ халқынан үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Бұдан да мықты болып келемін. Жеңіс әлі алда»,- деді боксшы.