Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төра­ғалығымен өткен палата бюросының отыры­сын­да депутаттар Сенат отырыстарының күн тәр­тібін бекітті.
Сенат отырыстарының күн тәртібін бекітті
845
оқылды

Соған сәйкес, бүгін сенаторлар «Кедендік тран­зит­тің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасы­малдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді рати­фикациялау туралы» заңды қарайды.

Құжатта қарастырылған нормалар кедендік тран­зит кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу кезінде қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Келісімді ра­тификациялау арқылы ЕАЭО-ның транзиттік әлеуе­тін дамытуға ықпал етеді және тауарды тасы­мал­дау жағ­дайы жақсарады деп күтіліп отыр.

Ал Сенат отырысында депутаттар «ТМД-ға қа­тысу­шы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуни­кациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қор­ғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ра­тификациялау туралы» заңды қарайды. Заң автор­лық құқықтың бұзылуына қарсы іс-қимылдың құ­қық­тық тетіктерін қалыптастырады, сондай-ақ ТМД елдерінің өзара сауда-экономикалық және мәдени байланыстарын кеңейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар бюро отырысында Мәжілістен ке­ліп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты ко­митеттеріне бөлініп берілді.