Елордадағы Astana LRT құры­лы­сына қатысты қылмыстық іс бо­йынша сот үкімі шықты.
LRT ісіне үкім шықты
733
оқылды

Іске төрелік жасаған судья Виктория Семенованың айтуынша, Ачилов, Әбді­хамитов, Ардан және Сұлтанбеков кел­тірген материалдық залал үшін мемлекет пайдасына 728 миллион 806 мың 747 теңге қайтарылып, 21 миллион 864 мың 202 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндіріп алынады. Материалдық залалды өтеу мақ­сатында мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Әбдіхамитов, Ардан, Сұлтан­бековтен бюджетке 1 миллиард 736 мил­лион 915 мың 564 теңге қайтарылып, 52 миллион 107 мың 467 теңге мөлшерінде мем­лекеттік баж өндіріп алынады.

Мемлекет пайдасына Қасабаевтан 20 миллион 583 мың 333 теңге қайтаралып, 617 мың 500 теңге көлемінде мемлекеттік баж өтеледі.

Материалдық залалды өтеу үшін Мү­сеновтен мемлекет пайдасына бюджетке 13 миллион 333 мың 333 теңге қайтарылып, 400 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынады.

Әбдіхамитовтан мемлекет пайдасына 204 миллион 651 мың 785 теңге қайта­ры­лып, 6 миллион 139 мың 554 теңге мөл­ше­рінде мемлекеттік баж өтеледі. Мате­риал­дық залалды өтеу бойынша мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Әшім, Ардан, Сұлтанбековтен 1 миллиард 133 миллион 283 мың 923 теңге қайта­ры­лып, 33 миллион 998 мың 518 теңге кө­ле­мінде мемлекеттік баж өндіріп алынады. 

«Сотталғандарға азаматтық талап қою бөлігінде үкімді ерікті түрде орындау үшін 30 тәулік белгіленді», – деп толықтырды судья.