Түркістан облысында дүлей дауыл соғып, тұрғындарды әбігерге салды.
Түркістан облысында дүлей дауылдан кейін екі ауданның халқы жарықсыз отыр
3,879
оқылды

Екі аудан тұрғындары жарықсыз отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Бәйдібек пен Сауран ауданында екі мыңнан аса абонент электр жарығына қосылмады. 

Электр желілерін жөндеуге «Оңтүстік жарық» мекемесінің 6 бригадасы – 48 адам мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің екпіні әлі басылар емес.

Облыстық ТЖД-да арнайы штаб құрылып, арнайы комиссия жұмысқа кірісті. Аймақтағы су қоймаларында тәуліктік кезекшілік жүргізіліп, бақылауға алынды.

Кентау қаласындағы барлық білім мекемелері қашықтан оқытуға көшірілді. Балабақшалар уақытша жұмысын тоқтатты. 

Базарлар мен сауда орталықтарының және халық көп шоғырланатын нысандардың жұмысына уақытша шектеу қойылды. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.