Павлодар қаласының полициясы да оқиғаға қатысты пікір білдірді
Павлодарда көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды
1,251
оқылды

Павлодарда көшеде пышақ ұстап жүрген ер адам видеоға түсірілді.

Оқиға бүгін таңертең болған. Видеоны павлодарлық пабликтердің бірі жариялады. Кадрларда үстіндегі киімін шешіп тасаған ер адам қолына пышақ ұстап көшеде кетіп бара жатқаны көрінеді.

Кейінрек Павлодар қаласының полициясы да оқиғаға қатысты пікір білдірді. Полиция мәліметінше, академик Сатпаев көшесіндегі сауда үйінің жанында ер адам пышақпен жүр деген хабарлама келіп түскен.

"Бұл факт Павлодар қаласының Солтүстік ПБ-де тіркелді. Дереу түрде көрсетілген мекенжайға автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді. 39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді. Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыру жасау үшін денсаулық сақтау органдарына жеткізді. Нәтижесінде, ер адам мас күйінде болған. Полиция ер адамды Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына апарды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.