Петицияда Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жанжалда депутаттың да аты-жөні айтылғаны жазылған.
Екі ұлы сотталған Жигули Дайрабаевқа қарсы петиция жарияланды
2,067
оқылды

Президент сайлауына түскеннен бастап халық назарына іліккен депутат Жигули Дайрабаев жайлы сөз шықты. Оның отаставкасын талап еткен петиция жарияланды.

Петиция авторы депутаттың екі ұлы жемқорлықпен ұсталғанын, мемлекетке келтірілген 550 миллион теңгелік шығын өтелмегенін жазған. Оған қоса Дайрабаевтың өз ұлдарын жақтап, қорғап сөйлегенін сөккен. 

Сонымен қатар, петицияда Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жанжалда депутаттың да аты-жөні айтылғаны жазылған. 

«Компания өз елді мекенінде алаяқтық жолмен 10 мың гектар жерді иемденген. Ауыл тұрғындарына дивидендтер уәде етілді. Алайда олар ешқандай пайда таппады. Бұл мәселеде мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың есімі де аталды. Алайда депутат бұл алаяқтыққа қатысы бар екенін көпшілік алдында жоққа шығарды», – делінген петицияда.

Бүгінде петициямен 1531 адам келіскен. Петицияны қолдаған азаматтар депутат Жигули Дайрабаевтың өз өкілеттігінен бас тартуы керек деп есептейді.