Алматы облысында Tengri Ultra – 2023 марафоны өтті.
Алматы облысында марафонға қатысқан ер адам мәреге 15 метр қалғанда қаза тапты
1,898
оқылды

Ультрамарафонға қатысқандар 1, 3, 15, 35, 50 және 100 шақырымға жүгірді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

Іле өзенінің жағасында өткен марафонда 1982 жылы туған ер адам қаза тапты. 15 шақырымды жүгіріп келіп, мәреге 15 метр қалғанда көз жұмды.  

«Марафонда кезекшілік еткен жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсеткен. Бірақ ер адамды құтқарып қала алмады. Жедел жәрдемнің оқиға орнына 10 минуттан кейін жеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жедел жәрдем қызметі тәулік бойы кезекшілік еткен», – делінген әкімдік ресми хабарламасында.